ҚазҰУ-да білім беру саласындағы сұрақтарға арналған дөңгелек үстел өтеді
11 наурыз, 2013
14 наурызда (сағат 16:00-де, №201 ауд.) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі межелерін студенттерге түсіндіру, Жолдауда көрсетілген межелерді орындауға, мазмұндалған жоспарларды іске асыру аясында білікті мамандар даярлау мақсатында ұйымдастырылған «Білім және кәсіби бейімделу – бүгінгі оқу жүйесінің басты бағыты» тақырыбындағы кеңейтілген дөңгелек үстел өткізіледі.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ғалымдарымен қатар белгілі ғалымдар мен экономистері, «BDO Казахстанаудит» ЖШС, «Центрказахстан аудит» ЖШС, «Алматы газ желілері» ЖШС, «Кулан-Ойл» ЖШС және т.б. ірі компания өкілдері қатысады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024