Балалар үйіне қолдау көрсетіледі
12 наурыз, 2013
Ағымдағы жылдың 13 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті мемлекет пен құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының ұжымы Алматы облысы Қарақастек ауылында орналасқан Балалар үйіне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізеді.
Жеке қайырымдылық жасау арқылы қоғамды қайырымдылық шараларға тарту, және дәстүрлі қайырымдылық шаралар мен акцияларды ұйымдастыруға дербес қатысу жолдары. Сондай-ақ жастайынан өмірдің тауқыметін тартуға, онымен күресуге мәжбүр болған, ата-ананың аялы алақанына зәру Балалар үйіндегі қоғамның ең кішкентай және қорғансыз мүшелеріне «ЖЫЛУ СЫЙЛАУ» шараның басты мақсаты болып табылады. Шараны өткізуге жауапты тұлғалар: Г.Г. Тұрысбекова, К.Р. Усеинова.
Заң факультеті
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024