«Жалпы Еңбек Қоғамы: кәсіподақ қозғалысы және әлеуметтік заңнама модернизациясының тәжірибиесі және болашағы» атты тақырыпта конференция өтеді

12 наурыз, 2013

15-16 наурыз аралығында (сағат 10:00, №410 ауд.) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті оқу кеңесі залында қазақстандық салалық кәсіподақтар және бірқатар ТМД елдерінің өкілдерінің қатысуымен «Жалпы Еңбек Қоғамы: кәсіподақ қозғалысы және әлеуметтік заңнама модернизациясының тәжірибиесі және болашағы» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференция өтеді.


Еліміздің әлеуметтік өмірінде кәсіподақ қозғалысын күшейту және кәсіподақ рөлін көтеру туралы мемлекет басшысының идеясын жүзеге асыра отырып, заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Парасат» кәсіподағымен бірлесе конференцияны ұйымдастырып отыр.

Конференция барысында келесі сұрақтар талқыланады: кәсіподақ қозғалысының модернизациясы, кәсіподақ құрылысының мәселелері және болашағы; Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік туралы заңнаманы дамытудағы негізгі бағыттар: теория және тәжірибиесі; шетел мемлекеттерінің тәжірибиесі. Әлеуметтік – серіктестік қатынастар жүйесіндегі өндірістік Кеңестер, олардың қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету; еңбек шиеліністерінің профилактикасы, олардың алдын алу және реттеу. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын (шиеліністер) шешудің мәселелері. Медиацияның жалпы ұлттық жүйесін құру; азаматтық қоғамды қалыптастыру үрдісі аясындағы, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнаманы және еңбек заңнамасын дамыту және т.б.

Конференция жұмысының нәтижесі бойынша « Әлеуметтік серіктестік және кәсіподақ құрылысының ғылыми –тәжірибиелік орталығы» атты қоғамдық ұйымды құру туралы меморандум жасалынады.

Конференцияға атақты ғалым–заңгерлер, ғылыми–зерттеу институттарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жоғарғы оқу орындарының педагогикалық қызметкерлері, PhD докторлары, магистранттар және студенттер қатысады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі