- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экология мәселері ҒЗИ өкілдері Алматы қалалық экологиялық жағдайды талдау бойынша өткен семинарына қатысты
Экология мәселері ҒЗИ өкілдері Алматы қалалық экологиялық жағдайды талдау бойынша өткен семинарына қатысты
Әл-Фараби атындағы Экология мәселелері Ғылыми зерттеу институты (ҒЗИ) қаланың қатты қалдықтарын сараптау және қайта өңдеу жүйесінің жоқтығына байланысты экологиялық жағдайды талдау бойынша семинарға қатысты.
Алматы қаласының әкімшілігінде қаланың қатты қалдықтарын сараптау және қайта өңдеу жүйесінің жоқтығына байланысты экологиялық жағдайды талдау бойынша семинар өтті.
Семинарға орындаушы билік өкілдерімен қатар әртүрлі экологиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, қала тұрғындары және журналисттер қатысты. Осы мәселелер бойынша Экология мәселелері ғылыми зерттеу институтының директоры Айжан Скакова өз сөзінде: «Қоқысты өңдеуші зауыт жұмысын тоқтатқанына біраз уақыт болды. Әрине, бұл мәселе әр қала тұрғынын мазаламай қоймайды, біздің туған қаламыз қоқыстарға кеңелуі мүмкін... Дәл осы мазалаған ойымызды бүгін әкімшілік қызметкерлеріне жеткізе алдық. Олар бізге зауыттың қаржыландырылып, қайта іске қосылуын уәде етті. Қуантарлығы, қатысушылар арасында диалог басталып, мәселелерді шешу жолын бірігіп табу жолдары қарастырылғандығы», - деді.
Экология мәселелері ҒЗИ