13 наурыз күні заң факультетінің ұйымдастыруымен №18 жатақханада қазақы дастархан әзірленді. Заң факультетінің ұжымы толығымен атсалысқан дастархан басында алдымен университетіміздің «Парасат» кәсіподақ комитетінің төрағасы Талғат Мекебаев ақ батасын берді, сондай-ақ әкімшілік департаментінің басшылары және барлық факультеттерден шақырылған қонақтар осы дастарханда бас қосты.
Наурыз – қазақтың шын мәніндегі ұлттық мейрамы. Бұл – күн мен түн теңелетін көктем мен еңбек мерекесі. Халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қонақтар, студенттер жатақхана ұжымы және меңгеруішісі Мария Ниетбаева дайындаған Наурызға арналған дастарханнан Наурыз көже ішіп тарқасты.
Осы салттың өзі жастардың үлкенге құрметін ғана байқатып қоймай, сергектікке, іскерлікке және татулыққа тәрбиелейді.
Заң факультеті