Еуропа мен Қытай арасындағы Орталық Азия мәселесі талқыланды
Халықаралық қатынастар факультетінде «Еуропа мен Қытай арасындағы Орталық Азия» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Негізгі референттер болып ҚазҰУ-дың шақырылған профессоры Себастиан Харниш (Гейдельберг университеті, Германия) және Константин Сыроежкин (ҚР тұңғыш Президенті жанындағы ҚСЗИ) сөз сөйледі. Олар Еуропа мен Қытайдың Орталық Азияға қатысты біркелкі емес ұстанымдары мен мүдделерін атап өтті. Өз кезегінде баяндамашылар атап өткендей, Орталық Азия үшін Еуропа мен Қытай стратегиялық әріптестер саналады. Орталық Азия Республикалары тартылған халықаралық қатынастарды ХХІ ғасырдың екінші онжылдығы тұрғысынан талдау қажеттілігі мақсат ретінде қойылған болатын.
Халықаралық қатынастар факультетінің деканы К.Н. Шакиров ашқан пікірталасқа ҚР халықаралық қатынастар мамандары Әуелбаева Б.А. және Изимов Р. (ҚСЗИ), Сомүрек Б.Ж. (Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, халықаралық қатынастар факультетінің деканы), Ауған М.Ә., Қожахметов К.Қ., Елемесов Р., Абдыхалықов Қ.С. және басқалары белсене қатысты. Ынтымақтастықтың дамуы мен аймақтық әріптестердің жақындасуы саяси және экономикалық сипаттағы кешендермен, сондай-ақ қауіпсіздік факторымен келісімге келгені атап көрсетілді. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар осындай пікірталастарды жалғастыру мен тақырыпты барынша терең ғылыми зерттеу қажеттілігін айтты.
Аталған шара профессор М.Ш. Губайдуллина (Герман зерттеу орталығының директоры) мен Н. Мұхаметханның (Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы) бастамасы бойынша өткізілді.
Халықаралық қатынастар факультеті