Студенттер ҚазҰУ жастардың экосанасын дамыту жолдарын ұсынды

19 наурыз, 2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЕҰУ-дың Болон үдерісі бойынша студенттік бюросы, КазЭУФМТ және Алматы қаласы университеттерінің Жастар ұйымдарымен жұмыс комитетінің өкілдері бас қосқан «Жастардың экосанасын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Green Campus жобасы аясында жастардың экологиялық сезімін дамыту мәселелері және жақында өтетін «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты III Халықаралық студенттік форумы талқыланды. Сондай-ақ география және табиғатты пайдалану факультеті энергоэкология кафедрасының профессоры К.Л. Тәжібаева өткізген «Университеттің тұрақты дамуындағы музейдің орны» атты саяхат-таныстыруы өтті.

ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдарымен

жұмыс жөніндегі бөлім