"Заң" республикалық күнделікті газет

20 наурыз, 2013

Біз оқуға тиіс 100 кітап

Соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы ақпарат алмасуды жеңіл көретін жастардың кітап оқуды міндет санамайтынын жиі байқаймыз. Содан болар, әлемдік классика, отандық ақын-жазушылар тудырған құнды дүниелері кітапхана сөрелерінде шаң басып тұр.

Рухани байлығымызды бағалату мақсатында жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінде жаңа жоба дүние­­ге келді. Еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы санала­тын университетіміз жан-жақты білімді маман дайындау үшін «ҚазҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітап» ат­ты жобаны қолға алып, алғашқы шараларын бастап та кетті. Саясат, құқық, философия, мәдениет, әдебиет салаларының үздік туындыларын іріктеп студенттер назарына ұсын­ған ұйымдастырушылар жаңа шық­қан кітаптарды да таныстыруды назардан тыс қалдырған емес. Бұл жолы жастарға қажетті 100 кітаптың сөресін дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранттары ұйым­дастырып, онда философия ғылымдарының докторы Б.Бейсенов­тың «Қазақ ойшылдары дін туралы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жаңа кітаптың маңыздылығымен таныстырған ұйымдастырушылар кітап авторына сауалдар қойып, толыққанды жауап алды.


Нұрлыхан АЛЬЖАНОВА,
әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық
университетінің оқытушысы