2013 жылдың 20 ақпанында аль-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік жұмыс бөлімінің студенттері халықаралық әлеуметтік әділеттілік күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге Қазақстандағы БҰҰ ның Ақпараттық бюросының басшысы В.Самек қатысты. Ол шықырғаны үшін алғыс білдіріп, дөңгелек үстелдің тықырыбы қазіргі әлемде аса маңызды екенін айта кетті.
Алматы қ. Тексеріс және әлеуметтік қорғау департаментінің зейнетақы және жәрдемақыны тағайындаушы бөлімінің бастығы – Дараева.Р.М. «Бүгінгі күні бюджет қаржысынан 40- қа жуық әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады, бірақ, өкінішке орай халыққа ақпараттың толық жетпеуіне байланысты бұл төлемдермен халықтың барлығы қолданбайды.
БҰҰ - дағы ЮНИСЕФ қорының кеңесшісі Абсеметова А. тақырып бойынша өз көзқарасын айтып өтті.
Ауыл жастары Одағының өкілі Базарбаева А. «... болашақ жастар мектептен тәрбиеленетін болғандықтан, жасөспірімдерге мектептен көңіл бөлу керек...» деп айтты.
Дөңгелек үстел барысында Жамбылова М., Сансызбаева А., Курманжанова К. атты студенттердің баяндамалары тыңдалды.
Әлеуметтану және әлеуметік жұмыс кафедрасының меңгерушісі дөңгелек үстелдің аяқталуында барлық қонақтар мен ұйымдастырушыларға өз алғысые білдірді.
БҰҰ, НПО және мемлекеттік департамент өкілдері болашақ ынтымақтастыққа және серіктестікке шақырды.