"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
Мұнда әр жатақхана мен оқу корпустары бірігіп, киіз үй тігіп, «Ырысты», «Мейірім», «Алатау», «Жолтай», «Төле би», «Самұрық», «Жастар» де аталатын ауылдар құруда.
«Бүгінгі тамаша ауа-райында Жаңа жылды қарсы алып отырмыз. Жаңа жыл жақсылыққа толы болсын. Бәріміз ауыл ауылды аралап, дәм татып, дастархандас болып, ұлы мейрамды бірге қарсы алудамыз. Бұл мереке университетте бір ай тойланады. Бүгін - бастамасы. Ұлыстың ұлы мейрамында сіздерге амандық, саулық, бақ пен қуаныш тілеймін», - дейді еліміздегі жетекші жоғары оқу орнының бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркітбаев.
Қазіргі сәтте «ҚазҰУ рекордтар клубы» студенттер арасында наурыз көже мен бауырсақ жеуден, ал жатақханалар мен факультет қызметкерлері домбырамен ән шырқап, топ болып хор айтып, жарысуда. Сондай-ақ айтыс өткізіліп, арқан тартыс, қазақша күрес сияқты ұлттық ойын түрлері бойынша сайыстар ұйымдастырылып жатыр.