Қытай қазақтарының зиялы өкілдерімен кездесу өтті
2013 жылдың 26 наурызында «Қытайтану апталығы» аясында «Қытайтанушыларды дайындау және әлеуметтік серіктестік: қытай қазақтарының зиялы өкілдерімен кездесу» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Мухаметхан Нәбижан (тарих ғылымдарының докторы, профессор), Әмірбекұлы Жеңіс («Мега Строй KZ» ЖШС-нің директоры), Әубәкір Айбын («KAZ Midea-FUJI» компаниясының директоры), Нұрғалиұлы Әлімжан («Сары-Бұлақ» компаниясы директорының орынбасары), Төлегенқызы Бахаргүл (ҚР Мәдениет қайраткері, «Әдемі-Ай plus» ЖШС-нің директоры), Cейітхамза Сламхат (журналист, қоғам қайраткері), Қанжарбайұлы Шағанбек («Шымкент-кашмир» жүн зауытының директоры), Айыпұлы Рақым (журналист, жеке кәсіпкер), Әділбекұлы Омарәлі (журналист, жеке кәсіпкер), Әріпұлы Базарәлі (журналист, аудармашы), Керім Елемес (ақын, «Балдырған» журналының бөлім редакторы), Байтұрсынұлы Дәулетбек (Халықаралық «ДА» журналының бас редакторы, Жазушылар Одағының мүшесі) сынды азаматтар қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты қытай қазақтарының зиялы өкілдерімен танысу, әлеуметтік серіктестік орнату, қытай тілін оқыту мәселелерін талқылау болды. Кездесу барысында көптеген тың ой-пікірлер айтылып, кафедра өндірістік практика базасы, жағдайы төмен студенттерге көмек беру, студенттерге потенциалды жұмыс берушінің жеке дәрістері сынды мәселелерді шешуге мүмкіндік алды.рамках