- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да «Бәсекелестік туралы» біріңғай экономикалық кеңістіктегі заң жобасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияcы өз жұмысын бастады
ҚазҰУ-да «Бәсекелестік туралы» біріңғай экономикалық кеңістіктегі заң жобасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияcы өз жұмысын бастады
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов пен Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен «Бәсекелестік туралы» біріңғай экономикалық кеңістіктегі заң жобасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияcы өтті.
ТМД елдері, Еурозиялық Экономикалық Одақ, Біріңғай Кедендік Одақ, біріңғай экономикалық және құқықтық механизмдерді қалыптастыру қажеттілігі туындап тұр. Ресей, Қазақстан және Белоруссия елдерінің ғалымдары мен тәжірибелі мамандарының жасаған «Бәсекелестік туралы» заң жобасы өзара әріптестіктің маңызды сатысы болып табылады. Бұл заңды қабылдау экономикалық әрі құқықтық кеңістікте дамуға алып келеді.
Сондай-ақ, бұл іс-шараға Еуразиялық Экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Н. Алдабергенов, ҚР Бәсекелестікке қарсы қорғау агенттігі төрағасы (Монополияға қарсы агенттік) Б. Қуандықов, Федералды монополияға қарсы қызмет пен Еуропалық Экономикалық Одақ сотының өкілдері және кәсіпкерлер одағы өкілдері мен ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері қатысты.
Конференцияның ашылуында ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов «Бүгінде конференцияның зерттеу университетіне айналудағы ҚазҰУ-да өтіп отырғанында да үлкен мән бар, себебі, оқу ордасында Қазақстанның экономикалық-саяси салада бәсекеге қарсы тұратын жолдарын қарастыру үшін жиналып отырмыз», - деді өз сөзінде.
Конференция мақсаты – елдегі инновацияны дамыту, заң жобасына ең қажет нормаларды енгізу, бәсекеге қарсы тұруда ұтымды да тиімді тұстарға мән беру болып табылады. Басқосуда Қазақстаннан шығарылатын тауар Ресей, Белоруссия елдерінің тауарларымен бәсекеге қабілеттелігін арттыру жолдары, кәсіпкерлердің жауапкершілігі мен оларға жасалатын жеңілдік түрлері қарастырылып отырғаны айтылды.
Конференция өз жұмысын 29 наурыз күні алты секция бойынша жалғастырады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі