«Қазақстан –Азия барысы» мәдени-танымдық саяхат сабағы өтті

28 наурыз, 2013

Қазақ халқының тарихы мен дәстүрлі мәдениетімен таныстыру мақсатында ауғанстандық тыңдаушыларды Орталық мұражайға барды. Мұражайда «Алтын адам» ескерткіші және тағы да басқа ұлттық тарихи құндылықтарымызбен терең танысты. Мұражай қызметкері көне жәдігердің еліміздің тарихында алатын орнына және оның ерекшелігі мен маңызына кеңінен тоқталып өтті. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдары мен қазіргі замандағы батырлары мен еңбек ерлерінің өмірінен және қайраткерлік жолынан мағлұмат алды.

Қазақстанның мәдениетін, тарихын, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған мәдени-танымдық саяхат сабағы оларға ұнамды әсер қалдырды. Ауғанстандық тыңдаушылар ұстаздар мен мұражай қ ызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді. Сонымен қатар Қазақстан мемлекетінің Тәуелсіздігі тарихының терең жолдары мен даму кезеңдерінің маңызы және азаттыққа ұмтылған Ауғанстан елінің азаматтары үшін де тағылымы зор екендігін атап өтті.

Мәдени-танымдық саяхат сабағын ұйымдастырған халықаралық білім беру департаментінің директоры Ж.Т.Молдағалиева., директор орынбасары М.Б.Әмірханов., АИР аға-кураторы доцент, Г.А.Тастемирова.

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің

халықаралық білім беру департаменті