ҚазҰУ-да экология мәселелері бойынша Ұлыбританиямен он-лайн семинар өткізілді

1 сәуір, 2013

ҚазҰУ-дың география факультеті және экология мәселелері ҒЗИ халықаралық British Council ұйымымен біріге отырып «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ноттингем университеті арасындағы климаттың өзгеру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жақсартудағы INSPIRE жобасының рөлі» атты тақырыпта ғылыми семинар өткізді.


Семинар барысында Лондонмен видеобайланыс орнатылу арқылы семинарға қатысушылар British Council экологиялық бағдарламасының аясындағы көмірқышқыл газының эмиссиясын төмендету жолдары бойынша сұрақтар талқыланды.

Вудворд Д.Б., жоғары білім бойынша жобалардың British Council менеджері

Біз Сіздерді British Council кеңсесінде қош көрдік. Климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі семинарға уақыт тауып келгендеріңізге үлкен рахмет.

Біздің Ұлыбританиядағы кеңселерімізде Environmental Management System жүйесі енгізілген, бұл көпдеңгейлік жүйе, онда барлық мәліметтер тіркеледі (бензин, жоба қызметкерлері мен қатысушылардың әуе тасымалы, судың пайдаланылуы және т.б.) және көмірқышқыл газының атмосфераға эмиссиясын төмендетуге бағытталған.

British Council бар күшін қолданыстағы су мен әуе тасымалынан шығарылып жатқан қалдық мөлшерін төмендетуге бағыттайды. Біз бейнеконференцияларды, телеконференцияларды көптеп қолдануға, тасымалдарды бағасына байланысты ғана емес, ұшу ұзақтығына да қарай таңдауға тырысамыз, сонымен қатар біздің серіктестерімізбен қызмет ету бір ортақ мақсатқа жету үшін – қоршаған ортаны қорғау. Серіктестерімізді бүгінгі іс шарада көру өте қуанышты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География факультетінің деканы, г.ғ.д., профессор Сальников В.Г.: «British Council қолдауымен климаттың өзгеруі және Қазақстандағы жер деградациясы жобасы 2008 жылы ұйымдастырылған болатын. Өткен жылдары далалық зерттеулер жүргізілді, сонымен қатар алынған нәтижелер өңделіп, талдау жасалынды. Тәжірибе алмасу мақсатында ғалымдар шақырылды және алға қойылған зерттеулерді жүргізу үшін тақырыптар белгіленді. Жұмыс барысында еліміздің 70% аумағы шөлейттену және деградациялану сияқты жағымсыз процестерге ұшырауын жалғастыруда екендігі расталды. Аномальды жылы 2009-2012 жылдардағы температураның 1-2 градусқа өзгеруі аймақтың барлық экожүйесінде байқалуда, әсіресе суару суларының жетіспеушілігі және егістік пен жалпы азық-түлік өндірісінің қысқаруы... Әртүрлі экстремальды құбылыстар жиіледі – су тасқындары, көшкіндер, топырақтың сортаңдануы, су және жел эрозиясы. Осы ортақ ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша ҚР әртүрлі министрліктері мен өкілеттіліктеріне ұсыныстар жасалады».

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экология мәселелері ҒЗИ директоры, география ғылымдарының кандидаты, Скакова А.А.: «Ортақ жобаның мақсаты ҚР қазіргі таңдағы климатының өзгеру қарқындылығын анықтау. Біздің табиғи ландшафтылардың өзгеруін, табиғи катаклизмдердің жиілігін бақылау және т.б. Бұл Қазақстан үшін актуалды тақырып екені күмәнсіз және осы салада жұмыстар жалғастырылатыны қуантады. Үшжылдық жұмыс нәтижелері ары қарай ортақ ғылыми басылымдармен және тұрақты халықаралық байланыстардың құрылуымен жалғастырылады, себебі, нағыз ғылым ешқашан бір орында тұрмайды және шектелмейді!»

Семинар барысында Лондонмен видеобайланыс орнатылу арқылы семинарға қатысушылар PhD докторант Қаратаев Мараттың есебін (баяндамасын) тыңдады. Ортақ жоба арқасында PhD докторант Қаратаев Марат Ноттингем (UK) университетінің география факультетінің профессоры Мишель Кларктың жетекшілігімен екі айлық еңбек тәжірибесін өту мүмкіндігіне ие болды. Жас ғалым Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы ЖОО-ның бірінде оқуға мүмкіндік алғаны үшін альма-матеріне үлкен алғысын білдірді.

Семинарды қорытындылай келе, British Council өкілі Д.Вудворд ханым Англия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстар болашақта да дамитындығын атап өтті. Қазақстан үшін приоритеттік бағыттар болып білім саясаты және жоспарлау, қоршаған орта, энергетика және биотехнология болып табылады.

Экология мәселелері ҒЗИ