"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

3 сәуір, 2013
03 Сәуір 2013, 11:39
Алматыда Орталық Азиядағы инженерлік білім беру сапасына арналған форум өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 3 cәуір. ҚазАқпарат - Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Еуропалық Одақтың Темпус QUEECA жобасы аясында «Орталық Азиядағы инженерлік білім беру сапасы» деген атпен I форум өтіп жатыр.

Алқалы жиынға ҚазҰУ, Қазақстан инженерлік білім беру қоғамы (KazSEE) және Қазақстан ұлттық жоғары мектеп академиясы бірлесіп өткізуде. Екі күнге созылатын шараға Флоренция университеті, Еуропалық инженерлік бағдарламаларды аккредитациялаужeлісі (ENAEE), Ресей инженерлік білім беру қауымдастығы (АИОР), Халықаралық инженерлік білім беру қоғамы федерациясы (IFEES), Лиссабон инженерлік институты (ISEL), Еуропалық инженерлік білім беру қоғамы (SEFI), Италия инженерлік бағдарламаларды аккредитациялау агенттігі (QUACING), ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы басқармасы өкілдері және жобаның Орталық Азиядағы серіктестері қатысуда.

Университет ректоры Ғалым Мұтановтың айтуынша, ол жаратылыстану ғылымдары пәндерінің сапасын жaқсарту, сондай-ақ Орталық Азия жаратылыстану-техникалық бағдарламаларының аккредитациялық стандарттарын Еуроодақтық стандарттарға және жұмыс берушілердің талаптарына сай дайындау жөніндегі мәселелерді талқыламақ. Қазақстан ғана емес қазір бұрынғы кеңестік республикалар үшін де оқу орындарында оқу жоспары, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мәселелері көкейкесті болып қалуда. Өйткені мамандар дайындау үдерісі халықаралық стандарттарға әрдайым сәйкес келе бермейді.