ҚазҰУ-да "Екі жұлдыз" байқауы өтеді

4 сәуір, 2013

10 сәуір күні сағат 17:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің Қызыл залында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының ұйымдастыруымен факультет мамандықтарының арасында «Екі жұлдыз» байқауы өтеді.

Байқауға әр мамандықтан бір жұптан қатысады, ал жұп – бір оқытушы мен бір студенттен құралады. Байқауда «Мехматтың ең жарқын жұлдыздары (гранпри)», «Алтын дауыс (1 орын)», «Көрермен көзайымы (2 орын)», «Ең үздік сахналық костюм (3 орын)» номинациялары бойынша жүлделі орындар беріледі.

Кешіміздің қадірлі қонағы болуға шақырамыз.