Түлектер «Ашық есік күніне» қатысты
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті.
Бұл шараға арнайы шақырылған қонақтар Алматы қаласындағы ҚХР консульдігінің өкілі Гао Чен, АИР консульдігінің өкілдері Акрами және Ахматұлла Восток, Жапония консульдігінің мәдениет жөніндегі өкілі Масато Аоями тіл үйретіп жатқан оқытушыларға ризашылық білдіріп, факультетте оқитын әр елден келген студенттерге табыс тіледі. Сондай-ақ факультеттің бұрынғы түлектері: Буркина Фасодан келген Сита Кагонэ, АҚШ азаматтары Дэмьян және Лонг Грейс, ҚХР азаматы Джин Юй Ма үлкен өмір табалдырығын сеніммен аттап, өздерінің кәсіби табысты болуларына себепкер болған ұстаздарына жүрекжарды алғыстарын айтты.
ЖОО дейінгі білім беру факультеті