«ҚазҰУ Green campus» атты жобасы аясында «Еліміздің тұрақты дамуының кепілі – білімді жастар» атты дөңгелек үстел өтті

5 сәуір, 2013

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы магистранттарының эдвайзері Н.К. Әлжанова және «Мәдениеттану» мамандығы 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «ҚазҰУ Green campus» атты жобасы аясында «Еліміздің тұрақты дамуының кепілі – білімді жастар» атты іс-шара өтті.

Аталған іс-шарада елбасымыздың бастамасымен, Қазақстан БҰҰ Саммитінде ұсынған «Ғаламдық энерго-экологиялық стратегия» және «Аймақаралық «Жасыл көпір» («Green campus») бағдарламасы бойынша ақпарат алмасып, табиғат ресурстарын үнемдеу мәселелері, экологиялық мәдениет бойынша Жердегі табиғи байлықтардың да сарқылатындығы, егер қазіргі күннен бастап оларды үнемдемесек, болашақ ұрпаққа ешнәрсе қалмайтындығы, сол үшін үнемдеуді әрқайсысымыз өзімізден бастауымыз қажеттігін саналы түрде қабылдауымыз керектігі сөзге тиек болды. Дөңгелек үстелді география факультетінің 1 курс магистранты «Жасыл кампус» қозғалысының белді мүшесі Сүлейменова Сәуле Президентіміздің сөзімен бастады. Сонымен қатар, мәдениеттану бөлімінің магистранттары Абилденова Динара, Ботаева Марал, Яковлева Ольга, Токмамбаева Анар баяндама жасап, табиғат ресурстарын үнемдеу аясында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа, «Экспо-2017» көрмесінің энергияны үнемдеу мақсаты жайлы және тағы да бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Студенттер мен магистранттар еліміз үшін өте күрделі және өзара байланысты проблемалар кешені – энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын тиімді шешуге ат салысып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Философия және саясаттану факультеті