Әуезхан Қодар және Айман Қодар отбасылық дуэтімен шығармашылық кездесу өтеді
8 сәуір, 2013
11 сәуір сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Әуезхан Қодар және Айман Қодар отбасылық дуэтімен шығармашылық кездесу өтеді.
Әуезхан Қодар – қазақ және орыс тілдерінде жазатын танымал ақын, философ, аудармашы, көсемсөзші, «Тамыр» журналының бас редакторы. Айман Қодар – оның қызы, шығыстану факультетінің 1 курс студенті 18 жасында адамзат жанының ішкі иірімдерінің шексіз қырларын ашатын прозалық монологтар жанрындағы «Айналайын» кітабының авторы. Бұл ұрпақ жалғастығы, «әкелер» мен «жеткіншектер» проблемасын көтеруге және кейбір жанұяларда бұл жағынан толық жарасым болатынына көз жеткізуге сирек мүмкіндік.
Шығыстану факультеті
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024