Құрметті студенттер «Сырлы жәшік» атты ойынға қатысыңыздар
10-15 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Мәдениет.kz» клубы мен мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 1 курстар арасында Қозы көрпеш-Баян сұлу күніне арналған «Сырлы жәшік» атты факультеттік деңгейде ойын өтеді.
Ойынның негізгі шарттары достарыңызға, сүйіктілеріңізге ғашықтар күніне арнап хат (открытка) жазып, жәшікке салуларыңыз керек. Хат жолдаған адамыңыздың атын және мамандығын міндетті түрде көрсетуіңіз тиіс. Хат иесі өзінің аты-жөнін көрсетуі міндетті емес (анонимді болады).
Бұл ойынның негізгі мақсаты жастар арасында Қозы көрпеш - Баян сұлу күнін насихаттау, жастардың бір-біріне деген ғашықтық, достық сезімдерін білдірулеріне дәнекер болу. Ойынның соңғы күні – 15 сәуірде хаттар тиесілі жандарға табысталады.
Философия және саясаттану факультеті