ҚазҰУ-да Николай Косов атындағы аудитория ашылды

10 сәуір, 2013

10 сәуір күні физика-техникалық факультетінде С.М.Киров атындағы ҚазМУ физика факультетінің бірінші деканы, профессор Н.Д.Косовтың құрметінде арналған аудиторияның және стендтің ашылу салтанатты рәсімі өтті.

Н.Д. Косов сұйықтар мен газдардағы диффузияны зерттеудегі Қазақстандағы атақты ғылыми мектебін орнатушысы. Н.Д. Косовтың ғылыми еңбектері АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды және ТМД елдерінде жарық көріп, әлемдік деңгейде танымал болды.

Университеттің, факультеттің қоғамдық жұмыстарына белсене үлес қосып, үздік үлгерім көрсеткен 10 студентке Н.Д. Косов атындағы арнайы шәкіртақы тапсырылды.

Бұл шараға академик Т.Ә. Қожамқұлов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Т.С. Рамазанов, профессор А.И. Купчишин, профессор С.И. Исатаев, профессор А.С. Асқарова, профессор А.С. Дробышев, Абай атындағы ҚазҰПУ-ның ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры В.Н. Косов (Н.Д.Косовтың баласы), факультеттің қызметкерлері мен студенттері қатысты.

Физика-техникалық факультеті