- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов халықаралық университеттер ректорлары қауымдастығына қабылданды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов халықаралық университеттер ректорлары қауымдастығына қабылданды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Орталық Азия елдері мен Қазақстандағы жоғары оқу орындары ішінде бірінші болып арнайы шақырумен халықаралық университеттер ректорлары қауымдастығына - International Association of University Presidents (IAUP) қабылданды.
«әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзін БҰҰ «Академиялық ықпалдылық» бағдарламасының белсенді қатысушысы ретінде ұсынып, халықаралық деңгейде танылды», - дейді ерекше атап өтті IAUP президенті Нил Кинг.
IAUP-қа кіру әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды ірі халықаралық ұйымдардың тұрақты дамуы, ғылым мен инновация, адами капитал және басқа да саладағы бірлескен жобаларының іс-шараларына толық мүше әрі бастамашысы болуға мүмкіндік береді.
Халықаралық университтер ректорларының қауымдастығы жоғары консультациялық Экономикалық және БҰҰ Әлеуметтік Кеңесі мен ЮНЕСКО-ның бейүкіметтік ұйымы. Ол 1964 жылы Нью-Йоркта (АҚШ) штаб-пәтерінде құрылған. Ол 400 ұйым мен әлемнің 80 елін біріктіріп отыр. IAUP құрамына Еуропа, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Үндістан, Автралия елдерінің жоғары оқу орындары кіреді.