"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
Халықаралық университтер ректорларының қауымдастығы Экономикалық жоғары консультациялық және БҰҰ Әлеуметтік Кеңесі мен БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөннідегі ұйымының (ЮНЕСКО) үкіметтік емес ұйымы. 1964 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында құрылған ол 400 ұйым мен әлемнің 80 елін біріктіріп отыр. IAUP құрамына Еуропа, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Үндістан, Австралия елдерінің жоғары оқу орындары кіреді.
IAUP президенті Нил Кингтің сөзіне қарағанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзін БҰҰ «Академиялық ықпалдылық» бағдарламасының белсенді қатысушысы ретінде ұсынып, халықаралық деңгейде танылған Қазақстаның жетекші жоғары оқу орны болып табылады. Жалпы ірі халықаралық ұйымдар тұрақты даму, ғылым мен инновация, адами капитал және басқа да саладағы бірлескен IAUP жобаларына кіру әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға аталмыш ұйым шеңберіндегііс-шараларға толық мүше әрі бастамашы болуға мүмкіндік беріп отыр.