«Жаппай қырып-жою қаруын таратпауды енгізу» атты тренинг-курсына қабылдау басталды

11 сәуір, 2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, Монтерей халықаралық зерттеулер институты жанындағы Дж. Мартин атындағы таратпау мәселелерін зерттеу орталығы (АҚШ) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жанындағы БҰҰ-ға жәрдемдесу орталығы төрт апталық «Жаппай қырып-жоюқаруын таратпауды енгізу» атты тренинг-курсына қабылдау жариялайды. Курс «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Саясаттану» және «Ядролық физика» мамандықтарының магистранттарына, докторанттарына және жас ғалымдарына арналған. Тренингке қызығушылық танытқан басқа мамандықтардың магистранттары, докторанттары және жас зерттеушілері де қатыса алады.

Тренинг шеңберінде тыңдаушылар жаппай қырып-жою қаруын (ядролық, химиялық және биологиялық) және оны жеткiзу құралдарын таратпаудың тарихи, халықаралық құқықтық, саяси және техникалық қырларымен, соның ішінде халықаралық таратпау және экспорттық бақылау режимдерімен, танысады. Сонымен қатар, курс таратпау саласындағы қазіргі заманғы жаһандық және аймақтық сипаттағы қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулердің бетін ашады, соның ішінде ядролық қауіпсіздік, Иранның және Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламалары, жаппай қырып жою қаруын қолданатын лаңкестік сияқты мәселелер.

Қатысуға өтініш қабылдау 2013 жылдың сәуірдің 20-на дейін жалғасады. Орын шектеулі болғандықтан ұйымдастырушылар қатысушыларды іріктеу құқың пайдалануы мүмкін.

application_kaz.doc

Курс 2013 жылдың сәуірдің 22-де халықаралық қатынастар факультетінде орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жанындағы БҰҰ-ға жәрдемдесу орталығында басталады. Курска қатысу жөніндегі толтырылған өтініш пен резюмені төмендегі адрестарға жіберу қажет: Albina.Salimbaeva@kaznu.kz және daben@miis.edu.

Ұйымдастырушылар:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультеті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жанындағы БҰҰ-ға жәрдемдесу орталығы

(Альбина Сәлімбаева)

Монтерей халықаралық зерттеулер институты жанындағы Дж. Мартин атындағы таратпау мәселелерін зерттеу орталығы (АҚШ)

әурен Әбен)