ҚазҰУ ХIV Халықаралық қазақстандық «Білім және Мансап -2013» атты көрмеге қатысты

12 сәуір, 2013

Кеше Алматыда «Атакент» көрме орталығында ХIV Халықаралық қазақстандық «Білім және Мансап -2013» атты көрмеге ҚазҰУ-да қатысты. Көрме Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің, ҚР ЖОО Ассоциасының, жастар саясатының Мемлекеттік қорының қолдауымен ашылды.

Көрме білімнің халықаралық дәрежеде қолдауы арқасында кең көлемде қанат жаюына, әлемнің заманауи жағдайда кәсіби білімді болуына, жастардың елімізде және шет елде жан-жақты білім алуына ықпалын тигізеді. Биыл қатысушыларды әлемнің 17 елінен 130- дан астам білім беретін мекеменің өкілдері өз елдерінің білім жүйесімен таныстырады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көрмесімен Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрінің вице-министрі М.К.Орынханов, ҚР ЖОО Ассоциасының президенті Р.А.Алшанов, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары С.Б.Ағыбаев және басқа ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің өкілдері танысты. Осы көрме барысында көптеген талапкерлерді, студенттерді университетпен таныстыруға, сонымен бірге басқа да өз білімдерін Қазақстанның таңдаған оқу орындарында жалғастырғысы келетін үміткерлерді, басқа да мемлекеттік саладағы қызметкерлермен, білім беру мекемелерімен қазіргі заман талабына сай білім беруді дамытуға мүмкіндік туды. Қонақтардың ЖОО түсуге қандай талаптардың қойылатынын, оқу ақысы жөнінде, шәкіртақы, грант және басқа да білім алу мақсатында қойылатын талаптар жөнінде, ҚазҰУ өкілдерімен кездесіп, тілдесуге мүмкіндік болды.