Жастар тәртібі басты назарда

12 сәуір, 2013

11 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стретегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына жолдауы шеңберінде Заң факультетінде гуманитарлық факультеттердің 1 курс студенттері мен ішкі істер органдарының өкілдерімен кездесуі өтті.

Мерекелік шара гуманитарлық факультеттердің шет тілдер кафедрасының және Заң факультетінің бірігуімен ұйымдастырылды.

Кездесу «Жастар арасында құқықтық тәртіпті қалайша орнатуға болады?» атты тақырып аясында өтті. Мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу. Сонымен қатар, кездесуге Бостандық ауданы АІІБ басшысының орынбасары Хамзин С.Р, қызметінен босаған полиция майоры Абденов Б.А., Алматы қ. ІІД Әкімшілік полиция басқармасының подполковнигі Олжабаев Т., ҚазҰУ-нің бөлімше инспекторы, полиция капитаны Абдрахманов К.Ш. қатысты.