ҚазҰУ-да НР (Hewlett-Packard) ғылыми-оқу орталығы ашылды

17 сәуір, 2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-математика факультетінде НР компаниясының «НР Технология Институты» бағдарламасы аясында НР ғылыми-оқу орталығы ашылды.

Оқу орталығының ашылу салтанатына НР вице-президенті, өсуші нарық департаментінің директоры Вольфганг Виттмер, Қазақстандағы НР-дің бас директоры Ерлан Дүйсенбин, Орталық және Шығыс Европадағы НР ғылыми-оқыту бағдарламаларының жетекшісі Игорь Белоусов, ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М. Бүркітбаев, механика-математика факультетінің деканы Д. Ахмед-Заки, факультеттің профессорлары мен оқытушылары, студенттері қатысты.

Ғылыми-оқу орталығының негізгі мақсаты НР ұсынатын бағдарламалар негізінде студенттер мен оқытушылардың заманауи бағдарламаларды меңгеріп, білімді арттыру. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы НР Технлогиясы оқу-ғылыми орталығының директоры Болатжан Құмалақов орталықтың ашылу кезінде презентация жасап, барша жиналған қауымды жан-жақты орталықпен таныстырды.

Орталық НР компаниясы ұсынған соңғы үлгідегі HP ProLiant 460c архитектуралы сервер блейд құрал-жабдықтармен, бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз етілген. P2000 мәліметтерді сақтау базасы, тораптық жабдықтармен (сымсыз желілерге арналған құралдармен), оқытушылар мен студенттерге арналған персоналды компьютерлермен жабдықталған. ҚазҰУ оқытушыларымен бейімделген және оқу бағдарламасы барысында дәріс, арнайы курстар мен зертханалық және тәжірибелік сабақтарда оқыталатын болады. Орталық «Университеттік статусқа» ие және мұндай бағдарламалар оқытушылардың да біліктілігін арттыру мен қайта даярлауда қолданылатын болады. Студенттер, магистранттар, барлық факультеттер оқытушылары орталықта тегін оқып, өз білімдерін жетілдіріп, халықаралық дәрежедегі сертификат алуға мүмкіндіктері бар.

ҚазҰУ-дағы НР-дың Ғылыми-оқу орталығы – Қазақстандағы әрі ТМД елдеріндегі тұңғыш орталық болып табылады. Бұл жерде НР АТА (Accredited Technical Associate), HP ATA Connected Devices – персоналды құрылғылар жасау және енгізу (ПК, планшеттік компьютерлер, смартфондар, мобильді интернет тұтынушы және т.б., HP ATA Networks – желілік шешімдерді тарату және жасау, HP ATA Servers and Storage – мәліметтерді сақтау жүйесі мен серверлік шешімдерді жасау, тарату бағдарламасы ендірілген. «НР компаниясы оқыту бағдарламаларын ұсынады, ол университет оқытушыларына бейімделген, факультеттегі лекцияларға қосымша арнайы курс түрінде және зертханалық-өндірістік жұмыстар арқылы жасалынатын болады. Сондай-ақ, бұл бағдарламалар оқытушыларды сертификаттау арқылы оқытушыларды қайта даярлау, біліктілікті арттыруда да қолданылады» - дейді өз сөзінде Қазақстан мен Қырғызстандағы НР өкілдігінің директоры Ерлан Дүйсенбин.

ҚазҰУ НР АТ бағдарламасы бойынша Орталық және Шығыс Европада елдеріндегі 25 жоғары оқу орындарының бірі атанды. Бағдарлама 2008 жылы арнайы ресейлік жоғары оқу орындарына жасалған, ал оның жетістігі мен бірегейлігі халықаралық деңгейге бір жыл көлемінде қызмет көрсетуімен-ақ дәлелдене түсті.

«НР АТ бағдарламасы көптеген ресейлік және европалық қатысушы-университеттер тарапынан өте жақсы пікірлерге ие бола отырып, НР компаниясы георгафиялық тұрғыдан бағдарламаларын кеңейтті. Соның бірі – Қазақстан болды», - деді Орталық және Шығыс Европадағы НР ғылыми-оқыту бағдарламаларының жетекшісі Игорь Белоусов.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі