Қазақстандағы корейлер қауымдастығы ҚазҰУ студенттеріне шәкіртақы табыс етті

18 сәуір, 2013

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы корейлер қауымдастығының төрағасы Роман Ким ҚазҰУ ұжымымен кездесті, деп хабарлайды жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.


Кездесудің басты тақырыбы ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын талдау болды.

«Қазақстан қоғамының бірлігі мен тұрақтылығының негізі Елбасы саясатында айтылды. Көпұлтты Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті, тілі мен дәстүр құндылықтары да назардан тыс қалмаған. Бейбітшілік пен келісім Қазақстан халқының басты жетістігі болып табылады. Осы кезде Тәуелсіздік тұсында Президенттің бастамасымен бірегей институт, Қазақстан халқы Ассамблеясы өте маңызды», - деп атап өтті Р.Ким.

Р.Ким ҚазҰУ-дың 10 студентіне оқуда озат, университеттің қоғамдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысқаны үшін әрқайсысына 100 мың теңге көлемінде шәкіртақы табыс етті. Қауымдастықтың шәкіртақысын Шығыстану, халықаралық қатынастар, заң факультеттері және экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері алды.

«Білімді меңгере отырып, болашақты, жастар, сіздер қалайсыздар. Қазақстанның маңызды экономикасы мен дамуы сіздерге байланысты. Сол себепті, біз білімді ынталандыруда қолымыздан келгенше көмек көрсетуге дайынбыз», - деді ҚазҰУ студенттерімен кездесуде Қазақстандағы корейлер қауымдастығының төрағасы.

2012 жылдан бастап қоғамдық ұйым, қор, мекеме, жекеменшік компания және жеке тұлғалар ҚазҰУ студенттеріне 28 млн. теңгені құрайтын 300 атаулы шәкіртақы тағайындаған.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі