- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ІІІ Халықаралық студенттік «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» атты форум өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ІІІ Халықаралық студенттік «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» атты форум өтті
Елбасы Қазақстан халқына арналған Жолдауы «Қазақстан 2050» Стратегиясында» альтернативті және «жасыл» технологияларға көшуді қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Бұл міндетті шешудегі маңызды рөл ғылым мен білім орталықтары - университеттерге жүктеліп отыр. Кең көлемді энергоэкологиялық жобаларды жүзеге асыруға студенттер белсенді қатысуы тиіс. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ел Президентінің энергоэкологиялық бастамаларын қолдау мақсатында «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» атты III халықаралық студенттік форум өтті. Іс шараның ұйымдастырушылары университеттің Жастар ұйымдары комитеті мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты болып табылады.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Жасыл көпір» энергоэкологиялық стратегиясы форумның басты тақырыбына айналды. ҚазҰУ-дың Бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев форумның ашылуы барысында университет Елбасының жаһандық энергоэкологиялық идеяларын дамыту бойынша жұмыстарды мақсатты түрде жүргізіп келе жатқандығын атап өтті.
- Университет БҰҰ тұрақты даму бойынша «РИО+20» атты жаһандық саммитінде ТМД елдері ішінде ел Президентінің энегроэкологиялық бастамаларына арналған секциясын ашуға қол жеткізге бірден бір оқу орны болып отыр. ҚазҰУ аталған мәселелерді шешу бойынша әлемдік академиялық қауымдастықты біріктіруге бағытталған «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» атты университеттердің халықаралық консорциумын құрды, - дей келе, проректор халықаралық студенттік форумды өткізу бұл бағыттағы аса маңызды қадамдардың бірі болып табылатындығына баса назар аударды.
- «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов өз сөзінде «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н. Назарбаев жастармен кездесулері барысында әрқашан қоршаған орта мен табиғатқа қамқорлықпен қарау керектігі туралы мәселені көтереді. Ел жастары «жасыл экономика» үдерісін дамытуға белсенді түрде қатысып келеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экологиялық бастамаларды жүзеге асыру бойынша студенттік ұйымдар мен жастардың ғылыми қауымдастықтарының өзара тәжірбие алмасуына өте жақсы мүмкіндік жасап отырғандығын атап өтті.
Форумға қатысушылар «жасыл экономиканы» дамытудың жолдары мен жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылып, студенттік инновациялық эко-жобалармен танысып, «жасыл университеттер» қозғалысын дамыту бойынша тәжірбиелерімен бөлісті.
Сондай- ақ семинарлар мен тренингтер, дөңгелек үстелдер мен секция отырыстары өткізіліп, ҚазҰУ-да «Green campus» жобасы аясында велотұрақ ашылды.
Баразилиялық студент Леандро Феррейро: «Бүгінгі форум ҚазҰУ-дың өткен жылы маусым айында БҰҰ тұрақты даму бойынша Рио-де-Жанейро қаласында өткен жаһандық саммитіндегі жемісті әрі жүйелі түрде өткізген секция жұмысының жалғасы болып табылады. Университеттер тек мамандар дайындап қана қоймай, сонымен қатар түрлі жастар қозғалыстарының, соның ішінде экология бойынша жаңа көшбасшылардың ортасын қалыптастыруы тиіс» деп көрсетті.
Халықаралық форумның қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Форумға қатысушылар жастарды Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың жаһандық энергоэкологяилық старатегиясы» мен «Жасыл көпір» бастамаларын жаһандық қауіп-қатерлерді жеңу үшін қажетті ғылыми негізделген және инновациялық қағидалар ретінде қолдауға шақырды.
Сондай-ақ ұлттық және жергілікті деңгейлерде энергоэкологиялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға үндеп, жастардың инновациялық әлеуетін «жасыл экономиканы» дамыту мен университеттік кампустарды жасыл озаистерге айналдыруға бағыттау ұсынылды.
Экологиялық мәселелерді шешу мен «жасыл технологияларды» жылжытуда жастардың ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мақсатында өзара идеялармен алмасып, тәжірбиелерімен бөлісуді қамтамасыз ететін тақырыптық интернет-ресурс құру туралы шешім қабылданды.
Аталған форум Франция, Португалия, Бразилия, Жапония, Корея, Қытай, Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан және т.б. елдердің жоғарғы оқу орындары, студенттік, жастар, қоғамдық және мемлекеттік билік ұйымдарының өкілдері, сарапшылар мен жастар саясаты саласында қызмет атқаратын мамандардың басын қосты.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі