ҚазҰУ-да V Бағызбаев оқулары өтеді
25 сәуірде 2013 жылы 10:00-да (312 ауд.) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасы «Қазақстанның полимәдени кеңістігіндегі тіл мен әдебиет» тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция өткізеді (V Бағызбаева оқулары).
Конференция шеңберінде келесідей бағыттар бойынша жұмыс жасау жоспарланып отыр: әдебиет поэтикасы, көркем мәтіндердің мифопоэтикасы, көркем мәтіндегі әлемнің көрінісі және мәдени анропологиясы, классикалық және заманауи әдебиеттегі сюжеттер мен сарындардың динамикасы, көркем мәтінн интерпретациясының мәселелері және интермәтінділік, аударма және мәдениаралық қарым-қатынас мәселелері, Қазақстанның русистикасы: беталысы мен келешегі, орыс/қазақ тілі мамандық тілі ретінде.
Конференция жұмысына ғалым-филологтар, алыс және жақын шет елден, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарынан және ҒЗИ-нан өкілдер қатысады.