"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

23 сәуір, 2013
23 Сәуір 2013, 11:41
Алматыда туризм мамандығында білім алып жатқан студенттердің ІІ Аймақтық олимпиадасы өтті
АЛМАТЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы мен Алматы облысында туризм мамандығында білім алып жатқан жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен ІІ Аймақтық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды.

Екі күндік бұл шараны университеттің Рекреациялық география және туризм кафедрасы ұйымдастырған болатын.

13 команда қатысқан бұл жарыста конкурстық бағдарлама және спорттық дестинациялардағы туризм техникасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Болашақ» командасы жеңімпаз атанды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің «Жиһанкез» бен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «55-ші параллель» командалары 2-3 орындарды бөлісті. Ал жекелеген бағдарлама түрлері бойынша ҚазСТА, «Тұран» және Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ командалары үздіктер қатарынан көрінді.

Аға оқытушы Гүлжан Айжолованың айтуынша, жеңімпаздарға «Caspian Travel» туристік фирмасы, «Abacus» компаниясы, Қазақстан туристік қауымдастығы мен Рекреациялық және туризм кафедрасы сыйлыққа шатыр, гитара, карематтар, туристтік ыдыстар жинағы, туристік әдебиеттер, жорыққа қажетті заттар сыйлады.