- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ғалымдар мен журналистер Қазақстан медиакеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздікті талқылады
Ғалымдар мен журналистер Қазақстан медиакеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздікті талқылады
2009 жылдың 22 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің мәжіліс залында «Қазақстан медиакеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жиынның ашылу салтанатында ҚазҰУ ректорының атынан проректор Шолпан Жаманбалаева сөз сөйледі.
Конференцияға халықаралық ұйымдар мен журналистер, шетелдік БАҚ өкілдері мен Қазақстан медиа саласының ғалымдары қатысты.
Бас қосуда түрлі тақырыптар аясында пікірталастар өтті: ақпараттық қауіпсіздік және Қазақстан БАҚ-ы: заңнамалық тәжірибе, ықпалдастық, қорлар; ҚР ақпараттық қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін мемлекеттік тілді БАҚ арасында кеңінен жаю; мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі негізінде отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігі; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыздандырудағы қоғамдық телевизияның рөлі.
Мәжіліс отырысына қатысқандар кейінгі жылдары Интернет пен электронды БАҚ ақпарат әлеміндегі өзекті мәселелерді шешуде маңызы зорын айтты. «Кез-келген мемлекеттің тұтастығын сақтау үшін ақпарат қауіпсіздігіне ерекше мән бөлу керек. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жолдарын алда ескерткен болатын», - деді өз сөзінде конференция ұйымдастырушысы, журналистика факультетінің деканы Ғалия Ыбраева.
Оклохома университетінің профессоры (АҚШ) Джеми Фуллертон демократиялық қоғамдағы мемлекеттің ақпарат жүйесін бақылап отыратын ұйымның қызметіне тоқталып, мемлекет пен БАҚ өкілдерінің арасында болатын кикілжің мәселелерді шешуге арналған баяндамасын оқыды. Мұндай жағдайда АҚШ-та үкімет билігі мен БАҚ арасындағы сөз бостандығына қатысты проблемаларды АҚШ Конгресінің қабылдаған мемлекеттік Конституцияның бірінші түзетуі заңды түрде жүзеге асырылады.
ҚР Президенті жанындағы стратегиялық институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің бастығы Антон Морозов ҚР қауіпсіздігіне төнетін қауіп пен осы мәселені шешудегі БАҚ-тың рөлі жөнінде толық айтып берді. Оның пікірінше, мемлекет ішінде діни қақтығыстарды тудыратын ешқандай негіз жоқ, алайда халық арасында БАҚ арқылы экстремизмге қарсы бағытталған идеология жұмыстарын жүзеге асыру керектігін ескертті.
«Советник» журналының меншікті тілшісі Владимир Павленко (Ресей) әскери қақтығыстардағы журналистер үшін үкімет билігінің жауап беретіндігіне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар журналистер де ұсынып отырған ақпарfттың мемлекет үшін қауіпсіздігін ескеруі тиіс деді.
Отырысқа Қазақстан Телерадиохабарларын тарату Ұлттық Ассоциациясының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева; «Әділ сөз» қорының жанындағы ақпараттық қақтығысты тексеру орталығының жетекшісі Ғалия Әженова және т.б. қатысты. Баяндамашылардың материалдары конференция жинағында жарияланатын болады.