ҚазҰУ кураторлары мен студенттері балалар үйінде болып қайтты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультеті мемлекет пен құқық теория және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы оқытушылары Г.Р. Усеинова, К.Р. Усеинова, Г.Г. Тұрысбекова 112, 327, 211 топ студенттерімен бірге Талғар қаласындағы «Нұр» балалар үйіне, ал метеорология және гидрология кафедрасы Абай ауылында, Алматы облысы, «Перзент» балалар үйіне барып қамқорлықты қажет ететін балалардың көңілін көтеру студенттердің ұсынысы болды.
Балалар үйінде 40 шақты балалар тәрбиеленеді екен. Студенттер балаларға арнайы дайындап барған «Наурыз думан» мерекелік концертін қойды. «Шық бермес Шығайбай мен Алдар көсе» қойылымы сахналанып, асық ойнау мен қазақша күрес сияқты қазақ ойындары ойналды. Балалар «Қара жорға» биін билеп, көңіл көтерді. Студенттер Наурыз дастархан жайып, наурыз көже ішілді. Дастарханнан дәм татқан соң, балаларды аулаға алып шығып, студенттер табиғатымызды тазалықта ұстау мен жасыл-желектердің маңызы туралы әңгімелеп берді. Осы орайда философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының 3 курс дінтану және мәдениеттану бөлімінің куратор-эдвайзерлері Мұханбет Әсем және Мұқан Нұрзаттың ұйымдастыруларымен «ҚазҰУ Green campus» жобасы аясында студенттерімен бірлесіп Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Орбита-3 ықшам ауданында орналасқан №1 балалар үйінде сенбілік өткізді. №1 балалар үйі директоры Д.Ж. Мустагулова және оның орынбасары Г.Е. Исмагулова, сонымен бірге балалар үйінде қызмет атқаратын барлық тәрбиешілері алғыстарын білдірді. Студенттер осы жоба көлемінде балалар үйіне бару арқылы балалардың тұрмыс барысын, оқу орнын көру арқылы өмірге деген жаңа бір танымның орнағандарын көкейлеріне құйып қайтты. Қайырымдылық бұл елімізге тән дәстүрлердің бірі. Ата-бабаларымыз жақын адамдарға жақсылық жасау ұғымын жақсы түсінсе, қазіргі таңда қайырымдылық әрбір азаматтың борышына айналды.