
27 сәуір күні Астана қаласында Конфуций Институты мен ҚХР Елшілігінің ұйымдастыруымен Халықаралық "Қытай тілі көпірі" сайысының республикалық ақтық сыны өтті. Біздің университет және кафедра атынан Алматы қаласы бойынша сайыстың жеңімпазы Кузьмичева Е. қатысты. Республикалық сайыста университет намысын қорғаған Екатерина бұл жолы да жеңісті қолынан жібермей, 1 орынды иеленді. Ендігі кезекте Кузьмичева ҚХР-дың астанасы Пекин қаласында өтетін Халықаралық сайысқа қатысады. Екатеринаға сәттілік тілейміз!
Басқа жаңалықтар

28 сәуір, 2025

28 сәуір, 2025

28 сәуір, 2025