- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық ғылыми-студенттік конференция өтті
«Жер – біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық ғылыми-студенттік конференция өтті
2013 жылдың 24 сәуір күні ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты ХХVІІІ халықаралық ғылыми-студенттік конференция өтті.
Конференцияға 100-ден аса студенттер мен магистранттар қатысты. Аталған конференцияға әлемнің 13 елінен, атап айтар болсақ, Өзбекстан, Ауғанстан, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Чили, Испания, Монғолия, Иордания, Түркиядан келген шетелдік студенттер қатысып, қызықты баяндамаларын оқыды.
Конференцияға ұсынылған баяндамалардың тақырыптары сан алуан, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған мақалаларда тіл білімі, тарих, этнография және басқа да ғылым салаларының өзекті проблемалары көрініс тапты. Конференция аясында Алматы қаласы мен Қазақстан республикасындағы жоғарғы оқу орындарында оқитын шетелдік студенттер арасында студенттердің үздік ғылыми жұмыстарына арналған байқау ұйымдастырылды. Байқау үшін арнайы комиссия құрылды. Конференция аясында студенттердің жұмыстары «Қазақстан тақырыбына жазылған ең үздік жұмыс», «Ағылшын тілінде жазылған ең үздік жұмыс», «Өзекті тақырыпқа жазылған үздік жұмыс», «Мәселені ерекше дәйектей білген жұмыс» номинациялары бойынша марапатталды.
Аталған шараға қатысушылардың барлығы дипломдармен, грамоталармен марапатталып, конференция материалдары жинақта жарияланды. Факультетте оқитын көптеген студенттер үшін аталған конференция алғашқы ғылыми жұмыс жазу тәжірибиесі болып саналды, олар бірінші рет ғылыми тақырыпқа баяндама жасап, өз күштерін сынауға мүмкіндік алды.
ЖОО дейінгі білім беру факультеті