Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды

2 мамыр, 2013

Сәуір айының 29-шы жұлдызында физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары Ермағанбетова С.Д., Бөрібаева М.А., Мақсұтқанқызы А., Тұрсынбаева А.Е., Бергалиева С.А., Зульбухарова Э.М. мен белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен Соғыс ардагері Иванов Михаил Селиверстовичті Жеңіс күні мерекесімен құттықтап қайтты.

Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Осындай аталарымыздың бірі - өзіміздің факультеттің түлегі, Соғыс ардагері Иванов Михаил Селиверстович. Ол кісі жаудың 3 лагерінде болып, қандай киыншылықтар болса да мойымай, жаудан қашып шықты. Жараланса да, қайтадан әскер шебіне қосылып, елін жаудан қорғауға өз үлесін қосты. Қазірде жасы 88–ге келсе де, бойындағы күш-қайраты әлі де жеткілікті екені көрініп-ақ тұр. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ осындай аталарымыздың арқасында!

Физика-техникалық факультеті