Мұражайда Отан қорғаушылар күніне орай кездесу ұйымдастырылды

6 мамыр, 2013

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұрайжайында «Біз сол естелікке адалмыз» атты тақырыпта Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған, патриоттық тәрбие беруге бағытталған жастармен кездесу өтті.

Онда «Отансүйгіштік жастар – тұғырлы ел болашағы» атты арнайы көрме ұйымдастырылып, ҚазҰУ-дың магистранттары, әскери кафедрасының студенттері мен «Ұрпақтар естелігі» атты студенттік ғылыми-ізденуші клуб мүшелері белсене қатысты. Мұражай қызметкерлері арнайы дайындалған бейнебаян арқылы жастарға сол соғыс кезінде ҚазҰУ-дан аттанған студентетр мен оқытушылар жайындағы ақпаратқа толы «ҰОС жылдарындағы университет» витринасымен, солк кезде келген хаттар туралы университет қорында жиналған құжаттармен таныстырды. Мұражайды аралап танысқан жастар, кездесу барысында патриоттық сезім, ел қорғаны болу дегенді қалай түсінетіндерін, қазіргі бейбіт өмірде өздерінің тек білімдерімен Отан қорғай алатындарын өз сөздерімен ортаға салды. Әскери кафедра студенттері меңгерген білімді дұрыс ел дамуына қоссақ, ақпараттық заманда артта қалмай, тек алда болуды көздеп, елімізді қашанда биіктерден көрсетуге ұмтылуымыз керек деп ой қорытындылады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі