Құрметті әріптестер және студенттер!
Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы барша ұлтты бір мақсатқа жұмылдырып, бір тудың астына біріктірді. Жеңіс мерекесі – жеңімпаз аға буын мен олардың ерлігін сабақтаған бүгінгі жас ұрпақтың қасиетті мейрамы. Аға ұрпақ айбынды білегімен, қасық қанымен қорғап қалған бейбітшілік бізді жігерлендіріп, биік мақсаттарға жетелейді. Сондықтан да Ұлы Жеңістің қадірі бәріміз үшін аса қымбат, ұрпақ үшін тағылымы зор.
Жеңіс күні – батырлық пен қайсарлықтың, халықтар достастығының ортақ мерекесі. Кешегі қан майданда ұрыс салған жауынгерлер, бүгінгі өнегелі соғыс және еңбек ардагерлерін құрметтеу, қамқорлық көрсету – бізге парыз. Ардагер көрген зұлматты бүгінгі ұрпақ ешуақытта көрмесін!
Құрметті ардагерлер, бейбіт өмір, ашық аспан үшін Сіздерге алғысымыз шексіз! Сіздердің даңқты ерліктеріңіз, биік жауынгерлік рухтарыңыз бізге өнеге. Жеңіс күнінде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін!
Аға буынның ізін басып келе жатқан жас өреннің бойына отансүйгіштік пен патриотизмді сіңіру аса маңызды. Осы тұста биылғы жылдан бастап 7 мамыр – Отан қорғаушы күні мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды. Әскер қатарында жүрген еліміздің жігерлі жастарын, әскери қызметкерлер мен ер-азаматтар қауымын мейрамдарымен құттықтаймын! Бүгінгі жас өрен ардақты ардагерлерді мақтан тұта отырып, Отан алдындағы борышын бар жан-тәнімен сезініп өссе екен деп тілеймін!
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры
Ғалым МҰТАНОВ