2013 жылдың 20-28 мамыр аралығында «Іле-Балқаш аймағы өсімдіктері динамикасы және флорасы. Орталық Азияның биоалуантүрлілігін сақтау» тақырыбында биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында халықаралық жаздық мектебі (workshop) ашылады.
Жаздық мектепті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Central Asian Biodiversity Network (CABNET) – Орталық Азия биоалуантүрлілік жүйесімен және Эрнста Морица Арндт атындағы университетпен (Грайфсвальд қаласы, Германия) және Михаэля Зуккованың Табиғатты қорғау қорымен (Германия) бірлесе ұйымдастырылып отыр.
Жаздық мектеп Орталық Азияның құрғақшылық аймақтарындағы биоалуантүрлікті сақтау және оларды қорғау мақсатында университеттер арасына қарым-қатынасты күшейте отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында тәжірибе алмасу дәстүрлі түрде өткізіледі.
Жазғы мектеп міндеттері – биоалуантүрлілікті сақтау және экология аймағында жұмыс атқаратын қызметкерлермен, сонымен қатар зерттеу жүргізетін ұжым құрамымен таныстыру.
Жазғы мектеп аясында біріккен білім бағдарламасымен қос диплом алу барысындағы білім бағдарламасын және биоалуантүрлікіті сақтау бағытындағы кең ауқымды сұрақтарды талқылаумен зерттеу әдістерін, осы бағыттағы білімді жетілдірудегі қарым-қатынасты күшейту жолдары жоспарланған.
Егерде Сіз қатысуды жоспарласаңыз workshop's-ға, ұйымдастыру комитетімен e-mail арқылы байланысуға болады:
Alina.Zhaglovskaya@kaznu.kz, workshop.almaty@gmail.com электронды поштаға өзіңіздің толық аты жөніңізді, оқу немесе жұмыс орыныңызды және Сіздің қатысудағы баяндамашы/тыңдаушы екендігіңізді көрсетуіңіз керек.
Биология және биотехнология факультеті
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы,
кафедра меңгерушісі профессор Айдосова С.С.
Tel.: +7 (727) 3773335 (факультет)
E-mail: Saule.Aidosova@kaznu.kz