"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

15 мамыр, 2013
14 Мамыр 2013, 18:47
Алматыда Қазақстандағы поляктардың тарихы талқыланды
АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тарих, археология және этнология факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы поляктар тарихы» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтті.

Факультет деканының ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Арман Жұмаділдің айтуынша, бұл шараның мақсаты - Қазақстандағы поляктар тарихын зерттеуде ғылыми байланысты күшейту және бірлесіп зерттеу жұмыстарының негізгі тақырыптарын анықтау, халықтар достығы мен тағаттылықты дәріптеу. Дөңгелек үстелге Қазақстандағы поляктардың тарихын және генерал В. Андерстің Поляк армиясын КСРО-дан эвакуациялауы мәселесін зерттеуші, профессор Стэфан Пастушка, Польшаның Алматыдағы Бас консулы Веслав Осуховский, Вице-консул Даниэль Брачишевский мен Қазақстандағы белгілі тарихшы ғалымдар қатысты.

«ХІХ ғасырда Қазақстанға жер аударылған поляк революционерлері алғашқылардың бірі болып қазақ халқының мәдениеті мен рухани байлығына үлкен баға берген болатын. Олар қазақ халқының тарихы мен дәстүрін сезініп, қазақтың музыка мәдениеті, салт-дәстүрлері, архитектура мен құқықтық жүйесі туралы баға жетпес еңбектер қалдырды. Қиын-қыстау кезде ұлт, дін айырмашылығына қарамастан бір-біріне қол ұшын беріп, түскен қайғы-қасіретке ортақтаса білуі бостандықты аңсаған қазақ пен поляк халықтарының жақындаса түсуіне септігін тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстан аумағында Поляк әскери құрылымдары жасақталды. Қазіргі таңда елімізде 50 мыңға жуық поляк халқының өкілдері өмір сүріп, отанмыздың гүлдеуіне өз үлесін қосуда», - дейді Арман Қабдешұлы.