"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
Бұл дәріске онлайн режимде Атырау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстандағы оқу орындары да қатысты. Алқалы жиынды ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов ашып, белгілі ғалымды жиналған қауымға таныстыра кетті. «ҚазҰУ-да Нобель сыйлығы иегерлерімен студенттер, оқытушыларға кездесу өткізу жақсы дәстүрге ұласып, университетте халықаралық байланысты арттыру да, ғылыми қызмет те дәріптеліп келеді. Өткен жылы осы бағытта экономист Джон Форбс Нэш және Кристофер Писсаридес, сонымен бірге физик Мюррей Гелл-Манн келіп, өздерінің еңбек жолдарындағы қызықты зерттеулерімен бөліскен болатын. Біздің шақыруымызды қабыл алып, келгеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Бүгін Қазақстандағы жетекші оқу орны ҚазҰУ-ға келуіңіз біз үшін де үлкен қуаныш», - деді ҚазҰУ ректоры.
Танымал тұлғалардың дәрісін тыңдауға химия және химиялық технологиялар факультеті, биология және биотехнология факультеті, экономика және бизнес жоғары мектебі, халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері мен оқытушылары және шет тілдер кафедралары мен т.б. қатысты. Нобель сыйлығын алуда жасалған еңбек туралы авторлары өздерінің ғылым жолындағы зерттеу жұмыстарына кеңінен тоқталды. Дәріс барысында қатысушылар өз сауалдарын қойып, әлем таныған ғалымдардың пікірін біле алды. «Ғылым жолында үлкен жетістікке жету үшін не істеу керек?» деген студент сауалына әлемге танымал ғалым Э. Неер «Арманға қол жеткізу үшін адамның бойында қызығушылық, үлкен ізденімпаздық болу керек әрі қайсарлықты меңгеру керек. Сонда сіз алмаған қамал болмайды» деп жауап берді.