ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.Сарсембаевпен кездесу өтеді

23 мамыр, 2013

ҚазҰУ-дың заң факультеті және мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Алдангорович Сарсембаевпен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама» тақырыбында кездесу өткізеді.


Кездесуге Қазақстанның және шет елдердің жетекші заңгер-ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары, PhD докторанттары, магистранттар қатысады. Кездесу барысында Қазақстанның сайлау туралы заңамасының дамуының, еліміздің инновациялық дамуы жағдайында сайлау заңнамасын жүзеге асыру теориясы мен практикасының өзекті мәселелері талқыланатын болады. Сонымен қоса, кездесу қатысушыларының талқысына келесі мәселелер шығарылады:

  • конституциялық заңнаманың, нақты айтқанда ҚР сайлау заңнамасының дамуының теориялық, тәжірибелік және тарихи проблемалары;
  • сайлау құқығының қағидалары және оларды жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктері;
  • 2007 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде сайлау процесінің даму өзгешелігі және ерекшеліктері;
  • саяси партиялардан өкілдік етуді ескере отырып сайлау комиссияларын құрудың өзгешелігі және проблемалары;
  • сайлау процесін қаржыландыру проблемалары және т.б.

Өткізілу орны және уақыты: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби ат. ҚазҰУ (заң факультеті, 410 ауд.), 24 мамыр 2013 ж., 11.00 сағатта

Заң факультеті