"Дала мен қала" республикалық апталық газет

27 мамыр, 2013

ҰСЫНЫС ПЕН ҰМТЫЛЫС

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Бос орындар жәр­мең­кесі – 2013» іс-шарасы өтті.

Оқу орнының ғылыми кітапханасының үлкен залында ұйымдастырылған жиынға еліміздің 50-ден астам ірі компаниялары­ның – бизнес, ғылым және өндіріс салалары­ның жетекші мамандары қатысып, аталған са­ла­ларға қызығушылық танытқан студенттерге өз жобаларын таныс етті. Шараға қа­зақ­стан­дық ғана емес, шетелдік ком­пания­лар­дың өкілдері де қатысып, өз бағдар­ла­ма­лары мен тренингтерін ұсынды.

Ал кітапхананың үлкен залына молынан жиналған жастар бос жұмыс орындарымен танысып шығуға мүмкіндік алып, өз түйіндемелерін ұсынды. Ой-пікірлерін ортаға салды. Атап айтар бол­сақ, оқу орнында өткен жәрмеңкеге «GSM» Қазақстан», «Қазатомпром» АҚ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Кока-кола Алматы Боттлерс» сияқты компаниялар мен елі­міздегі бірқатар ірі қар­жылық орталықтары, мемлекеттік мекемелер, ғылыми-зерттеу институттары қа­­­тыс­ты. Ал іс-шараның шымылдығын түрген ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтанов жәрмеңкенің жастардың жұмысқа орналасуына айтарлықтай септесетінін айтып: «Кез келген жоғары оқу орны үшін өз түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы ең басты көрсеткіш. Біздің атқарған ісіміздің нәтижесі де осыдан кө­рінеді. Бүгінгі бос жұмыс жәрмеңкесі сту­денттерімізге жұмысқа орналасуға үл­кен мүмкіндік туғызып отыр. Біз осы ар­қылы «Жастар тәжірибесі», «Диплом­мен – ауылға!» бағдарламаларын алға жыл­жы­туға үлес қосып отырмыз», – деді. Сонымен қа­тар, аталған жиында университеттің магистратура және PhD докторантура бағдар­ламаларының таныстырылымы өтті. Жас­тарға жаңа жұмыс орнында табысқа же­­тудің жолдарын жіліктеп баяндаған шеберлік сағаты да өткізілді.

Еңлік АҚЖІГІТ,
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі.