Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары және ғылыми қызметкерлері!

3 маусым, 2013

Халықаралық ынтымақтастық департаменті ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 8 ақпандағы №35 Бұйрығымен бекітілген 2013 жылғы «Болашақ» стипендиясы аясында оқуға және ғылыми тағлымдамадан өтуге арналған басымды мамандықтар тізіміне сәйкес «Оқыту мен тәрбие берудің теориясы мен әдістері» мамандығы бойынша Брунель университетінде (Ұлыбритания) тағылымдамадан өтуге шақырады.

Сонымен қатар, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның қолдауымен шетелдік басқа да оқу орындарында ғылыми-педагогикалық тағылымдаман өту мүмкіндіктері ұсынылады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) жұмыс берушінің маман даярлауға тапсырысы; (тапсырыс формасын келесі сайттан алуға болады: http://www.bolashak.gov.kz );

2) ұсыныс хат;

3) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғ.М. Мұтановтың атына өтініш (декан мен кафедра меңгерушісінің қолы қойылған өтініш), жұмыс берушінің тапсырысы, ұсыныс хатымен бірге 12 маусым сағ. 15.00 дейін қабылданады.

Құжаттарды (қажетті құжаттар тізімін келесі сайттан алуға болады: http://www.bolashak.gov.kz) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на өтініш беруші өз бетінше тапсырады.

Қажетті ақпарат бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкері А. Жолдыбековаға хабарласуларыңызға болады.

Ректораттың әкімшілік ғимараты, 1205 кеңсе. Байланыс телефондары: 377-34-46 (ішкі номері: 11-66).