Валенсия политехникалық университетінің бірінші проректорының ресми сапары

3 маусым, 2013

2013 жылдың 27 мамырынан 1 маусым аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не Валенсия политехникалық университетінің бірінші проректоры, Хуан Мигель Мартинес Рубио мырза ресми сапармен келді.

Валенсия қаласындағы политехникалық университеті, инженерлік-техникалық мамындығының барлық бағыты бойынша білім беретін Испанияның жетекші оқу орны болып табылады.

Хуан Мигель Мартинес Рубио мырза бірнеше факультеттерді, зерттеу және оқу лабораторияларын аралап шықты.

Атап өтетіні, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Валенсия политехникалық университетінің арасында ынтымақтастық туралы келісім бар, осы келісімнің шеңберінде физико-техникалық факультетінің мамандарын дайындау жүзеге асырылады.

Сапардың нәтижесінде механика-математикалық, химия және химиялық технология, және де биология мен биотехнология факультеттерімен білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық бағытта ынтымақтастықты кеңейту мақсатында нақты қадамдар жасалды.