- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-ға Валенсия политехникалық университетінің бірінші проректорының ресми сапары
ҚазҰУ-ға Валенсия политехникалық университетінің бірінші проректорының ресми сапары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Валенсия политехникалық университетінің бірінші проректоры, Хуан Мигель Мартинес Рубио мырза ресми сапармен келді.
Валенсия қаласындағы политехникалық университеті, инженерлік-техникалық мамындығының барлық бағыты бойынша білім беретін Испанияның жетекші оқу орны болып табылады. Хуан Мигель Мартинес Рубио мырза бірнеше факультеттерді, зерттеу және оқу лабораторияларын аралап шықты. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Валенсия политехникалық университетінің арасында ынтымақтастық туралы келісім бар, осы келісімнің шеңберінде физика-техникалық факультетінің мамандарын дайындау жүзеге асырылады. Сапардың нәтижесінде механика-математикалық, химия және химиялық технология, биология және биотехнология факультеттерімен бірлесе білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық бағытта ынтымақтастықты кеңейту мақсатында нақты қадамдар жасалды.
Физика-техникалық факультет