www.baq.kz

8 маусым, 2013

ҚазҰУ оңтүстік корейлік әріптесімен келісім жасады (ФОТО)

06 Маусым 2013, 16:28 138 0

Астана. 6 маусым. Baq.kz - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Ёнсе (Оңтүстік Корея) университеті жанындағы «Кангнам Северанс» клиникасы медика-диагностикалық орталығының ашылуы туралы келісім шартына қол қойды.

Қазақстанның оқу орнына арнайы келген Оңтүстік Корейлік делегация іс сапарлары барысында «Кангнам Северанс» клиникасы медика-диагностикалық орталығының ашылуы туралы меморандумға ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов пен «Кангнам Северанс» клиникасы директорның орынбасары Ким Сонг Мун қол қойды.
«Кангнам Северанс» клиникасы 750 млн. теңге көлемінде қаржыландырып, медициналық құрал-жабдықтармен және әлемдік стандарт сапасына сай қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді көздеген Орталық өз жұмысын жаңа оқу жылында бастамақ. Ол кампус аумағында құрылысы жүріп жатқан студенттерге қызмет көрсету орталығында орналасады.
«Оқытушылар мен студенттер заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтармен медициналық көмек алады. Орталықта толық диагностиканы өткен соң, қажет болған жағдайда Оңтүстік Кореяның «Кангнам Северанс» клиникасында жеңілдікпен емделе алады. Сонымен қатар Ёнсе университеті ҚазҰУ-дың медика-биологиялық кластеріне маман даярлау бағдарламасына атсалысады», - деді кездесу барысында Ким Сонг Мун.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтаудың жай-күйі – еліміздің әдеуметтік-экономикалық даму кезеңінің көрсеткіші болып табылатын маңызды факторлардың бірі. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында университеттерге тиімді инновациялық инфроқұрылым жасау, ғылымға инвестиция тарту, өмірге инновациялық ғылыми зерттеулердің нәтижесін ендіру міндеттерін қойған болатын. ҚазҰУ-да медика-биологиялық кластерді құру білім жаңалықтары мен технологиялық жетістіктерді шоғырландыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасап, тәжірибеге енгізуге жол ашады», - дейді ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов.
ҚазҰУ қалашығында 55 мың ш.м. құрайтын заманауи аурухана, ғылыми-зерттеу бөлімі, қажетті инфрақұрылымы бар медициналық орталық салынады. Бұл жобаны қаржыландыруға 22,8 млрд. теңге шетелдік инвестиция тартылады. Бүгінде жоба-сметаның құжаттамалары мен құрылыс жұмыстары алдағы 3 жыл ішінде аяқталады деп күтілуде.
Жобаның іске асуына Сеул Ұлттық университеті, Ёнсе (Оңтүстік Корея) университеті жанындағы «Кангнам Северанс» клиникасы, Корё университеті, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Гонконг және Сингапурдың инженерлік-жобалық, құрылыстық және қаржылық кампаниялар тартылуда.

Жадыра УМБЕТБАЕВА, Алина БОДЕНОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰ-дың
журналистика факультеті студенттері