- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ саясаттанушысы Нығмет Жотабаевтың «Последняя осень Союзного парламента» атты кітабының тұсаукесері өтті
ҚазҰУ саясаттанушысы Нығмет Жотабаевтың «Последняя осень Союзного парламента» атты кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының көрме залында Қазақтсан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану кафедрасының доценті Н.Р. Жотабаевтың «Последняя осень Союзного парламента» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта Кеңес Одағының күйреуіне әкелген тарихи кезеңдер КСРО-ның соңғы Жоғары Кеңесі қызметінің ауыр күндері баяндалады.
Тұсаукесерге ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, Қаржы және банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтының директоры Баймұратов О.Б., заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Сартаев С.С., жазушы Оразалин Н.М. және басқа да белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кітаптың авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сол кезеңде ҚазКСР Жоғары Кеңесінің 12-ші шақырылымының халық депутаты болған Н.Р. Жотабаев тамыз төңкерісінен кейін КСРО Жоғары Кеңесінің құрамына енгізілді. КСРО Жоғары Кеңесінің Республикааралық қатынастар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Кітап көпшілік оқырман қауымның, зерттеушілердің, қоғамтанушылардың, мемлекеттік қызметкерлердің, ғылым және оқу орындары қызметкерлерінің қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Философия және саясаттану факультеті