Темпус бағдарламасы аясындағы әріптестік

14 маусым, 2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Темпус бағдарламасы аясында «Су айналымын басқаруды біріктіру: мүмкіндіктерді арттыру, біліктілік және білім беру мен кәсіпкерлікті арттыру» тақырыбы төңірегінде мамандар кездесуі өтті.


Германия, Англия, Испания, Кипр және Қазақстан жоғары оқу орындарының өкілдері әріптестікті нығайту барысында жобаны талқылап, оқу оындардың бәрін сумен қамтамасыз етуге дайындықты талқылады. Қазақстандық оқу орындары базасындағы I-WEB жобасының мақсаты – суға қатысты мәселелерді, соның ішінде су ресурстарын басқару және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі география, гидрология, метеорология салаларында кадр дайындауды шешу. «Бұл жобаға Қазақстан ЖОО-ның 30%-ы қатысты, ішіндегі Темпус бағдарламасы бойынша «ең үздік» деп әл-Фараби атындағы ҚазҰУ танылды», - деді Қазақстандағы Темпус бағдарламасы бойынша ұлттық кеңсе орынбасары Мереке Тәнкібаев.

Еуропалық Одақтың Темпус бағдарламасы Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Батыс Балкан және Жерорта теңізі сынды елдердің білім беру жүйесін қолдау бағытында ашылған. Оның ең басты мақсаты – ЕО елдері арасында сапалы білім беруде әріптестікке қол жеткізу.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі