Бүкіләлемдік туристік ұйымның In-situ аудиты
География және табиғатты пайдалану факультетінде рекреациялық география және туризм кафедрасында жүзеге асырылатын «Туризм» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаны халықаралық сертификациялау in-situ аудиты аяқталды. UNWTO.TedQual Бүкіләлемдік туристік ұйымында туристік білім сапасын бағалау жүйесі жұмыс беруші (жеке және мемлекеттік сектор); студенттер; оқу бағдарламасы және педагогикалық жүйе, факультет, менеджмент - бес негізгі үрдістері бойынша UNWTO Білім беру Кеңесі ұсынысы сәйкестігіне ғылыми-педагогикалық бағыттағы кәсіби туристік мамандарды дайындаудың талдау жүйесін қарастырады. Сонымен қатар, тұрақты дамуға мақсатталған білім беру бағдарламасы туризмнің Жаһандық этикалық кодексінің негізгі қағидасымен сәйкестігіне аса көңіл бөлінеді.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның аудиторы Мария Долорес Альварес Бастерра UNWTO.TedQual жүйесінің әлемдік экономика мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ осы шараларының бағыттындағы сұраныстарына сәйкес туристік білім беру жоғарғы жүйесінің заманауи қалыптасу құралы ретінде маңыздылығын атап өтті.
Халықаралық акредитациясын өту, отандық туризм индустриясын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыратын рекреациялық география және туризм кафедрасының ҚР ИЖТМ грантын ұтып алуымен мүмкін болды.
ҚазҰУ-дың «Туризм» мамандығы бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасының халықарылық деңгейге сәйкестігін Бүкіләлемдік туристік ұйымнан растау алған Қазақстандағы жалғыз жоғарғы оқу орны екенін атап өту керек. Магистрлік бағдарламаны сертификаттау туризм саласында, әлемдік білім беру кеңістігіне, елдің экономикасындағы болашағы бар және басымды бағыттарда білімді мамандарды даярлауды жетілдіруде интеграцияның маңызды қадамы болып табылады.
География және табиғатты пайдалану факультеті